Сирил Мюллер Өзбекстан Республикасының «Достық» орденімен марапатталды
Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығы жарық көрді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллерді «Достық» орденімен марапаттау жайлы жарлығы жарияланды.
Жарлыққа сай, Өзбекстан экономикасында ауқымды реформаларды жүзеге асыруда және басым секторларда модернизация бағдарламаларын іске қосуда стратегиялық серіктес болып табылатын Дүниежүзілік банк тобы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы, көпжақты және тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру және жан-жақты нығайтуға, банк-қаржы, салық-бюджет, ауылшаруашылық және басқа салалардағы түбегейлі өзгерістер процесіне қосып жүрген жеке үлесіне, сондай-ақ ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда практикалық көмегі мен Өзбекстанның халықаралық беделін арттырудағы қызметі және Орталық Азиядағы достықты, тату көршілікті және өзара тиімді серіктестікті тереңдетуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде қолдағаны үшін Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллер Өзбекстан Республикасының «Достық» орденімен марапатталсын, делінген.