Синоптиктер Өзбекстанда ауа сапасы нашарлайтынын ескертті
«Узгидромедтің» хабарлауынша Ресейдің Еуропалық аймағынан Өзбекстанға суық ауа ағымы енеді деп күтілуде
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша ертең, 27 қазанда елдің солтүстік облыстарына, ал 28-29 қазан аралығында бүкіл Өзбекстан аумағына Ресейдің Еуропалық аймағынан (Мәскеу облысынан) Еділ арқылы суық ауа ағымы енеді деп күтілуде.
Синоптиктердің мәліметінше, 27-28 қазан күндері бүкіл Өзбекстан бойынша желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшеюі мүмкін. 28-29 қазанда ауа температурасы түнде 0-3 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде 1-2 гардусты көрсетеді, күндіз 10-13 дейін жылы болады.