Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Синоптиктер болжамынша демалыс күндері Өзбекстанда температура 20 градусқа жетеді
18:14 / 2022-02-18

Республикалық гидрометеорология орталығы демалыс күндері Өзбекстандағы ауа-райының болжамын жариялады.

«Узгидромет» дерегінше, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде құрғақ ауа райы күтіледі. Тек 19 ақпанда Сұрхандария облысында, 20 ақпанда Самарқанд, Жызақ, Сұрхандария облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін. Тау бөктерінде және таулы аймақтарда жаңбыр, ылғалды қар түріндегі жауын-шашын байқалады.

Түндегі аяз бірте-бірте басылады, ал күндіз температура көктемгі маусымға тән мәндерге дейін көтеріледі. 20 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 15-17, оңтүстікте 18-20 градус жылы болады.