Сингапурда жаңа президент сайланды
Сингапурдың бұрынғы премьер-министрінің орынбасары Тхарман Шанмугаратнам елдегі президенттік сайлауда 70,4 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Оның бәсекелестері Нг Кок Сонг пен Тан Кин Лиан сәйкесінше 15,72 пайыз және 13,88 пайыз дауыс жинады. Сайлауға 2,48 миллионнан астам сингапурлық дауыс берді.
Тхарман Шанмугаратнам, 1957 жылы туған, «Халық қозғалысы» партиясының өкілі. Мамандығы бойынша экономист Тхарман бүкіл мансабын Сингапурдың мемлекеттік қызметінде, негізінен экономикалық және әлеуметтік саясатқа қатысты лауазымдарда өткізген.