Сингапур Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды
25 мамырда Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды.
Еске салар болсақ, кеше жоғары деңгейде келіссөздер өтті. Онда саяси диалог пен парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту, халықаралық ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету, мемлекеттік басқару, қоғамдық қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық алмасу саласындағы кадрларды даярлау бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.
Сингапур Президенті бүгін Самарқанд қаласына барып, көне шаһардың киелі жерлері мен тарихи мәдени ескерткіштерін аралады. Қаладағы құрылыс жұмыстармен танысты.
Мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Зулайхо Махкамова және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.