Сингапур Президенті Ташкенттегі «Наурыз» саябағына барды
Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб Өзбекстанда мемлекеттік сапармен болып тұр.
24 мамырда жоғары мәртебелі мейман Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Норбаева және басқа да ресми тұлғалармен бірге Ташкент қаласындағы «Наурыз» саябағына барды.
Президент Халима Якобқа ел халқының мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын терең танытатын жер – 2,5 гектар аумақта этнографиялық қалашыққа айналған аудан туралы айтылды. Өз кезегінде Сингапур басшысы мұнда жүргізіліп жатқан бірегей жасампаздық жұмыстарын жоғары бағалады.
[gallery-12035]
Саябақ қонақтардың мәдени демалатын орны ғана емес, сонымен қатар үлкен тарихи мағлұматтармен бөлісетін орыны.
Сингапур Президенті Халима Якобтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары жалғасуда.