French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сингапур Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді
19:41 / 2023-05-23

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 23 мамырда Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді.

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Зулайхо Махкамова және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

[gallery-12012]

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Күн тәртібінде сындарлы саяси диалогты одан әрі дамыту, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету, екі елдің жетекші компаниялары және банк мекемелерінің қатысуымен инвестициялық жобаларға көмек көрсету, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мәселелері орын алған.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Сингапур басшысының шақыруымен биылғы жылдың қаңтар айында мемлекеттік сапармен осы елге барған еді.

Икрам Аввалбаев, ӨзА