Сингапурға келушілер электронды білезік тағатын болады
Сингапурға келушілердің барлығы, негізінен шетелдіктер, екі апталық карантинге алынады және сол аралықта арнайы электронды білезіктер тағады
10 тамыздан Сингапурға келушілердің барлығы, негізінен шетелдіктер, екі апталық карантинге алынады және сол аралықта арнайы электронды білезіктер тағатын болады.
Бұл бақылау жүйесі Сингапур еліне кірген кезде ұсынылады және карантиндік бағылаудағы азамат тұрғылықты мекеннен басқа аймаққа орын ауыстырған кезде құрылғы ресми органдарға хабарлайды. Құқық бұзушылар 10 мың Сингапул доллары (7,2 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұлға тартылуы немесе 6 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал шетелдіктер депортацияланады делінген «Straits Times», хабарында.
Осынау талап республика азаматтарына, сондай-ақ елде тұрақты жұмыс істейтін шетелдіктер мен олардың отбасыларына қолданылады. Тек 12 жасқа дейінгі балалар бұл құрылғыларды тағудан босатылған.