French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сицилиядағы Катания әуежайында жанартау атқылауына байланысты барлық рейстер тоқтатылды
10:23 / 2023-08-15

Сицилиядағы Катания әуежайы Этна тауының атқылауынан шыққан жанартау күліне байланысты дүйсенбіде барлық рейстерді тоқтатты.

Euronews дерегінше, Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институты дүйсенбіге қараған түні жанартаудың оңтүстік-шығыс кратерінде 3 мың метрден астам биіктікте атқылауды тіркеген. 

Лава ағынын жергілікті тұрғындар да байқаған. Келесі сағаттарда Этна белсенділігі төмендей бастаса да, Сицилиядағы күл мен түтінге байланысты Катания қаласындағы әуежай жұмысын тоқтатқан.

Жолаушыларға рейстер туралы қосымша ақпарат алу үшін әуе компанияларына хабарласуға кеңес беріліп, жалпы жағдай он мыңдаған адамға әсер еткен.

Әуежай жанартаудан шамамен 50 км қашықтықта орналасқан.

Этна - Еуропадағы ең жоғары белсенді жанартау. Ол Сицилияның шығысында орналасқан.