English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сицилияда Этна жанартауы атқылады
10:42 / 2021-02-17

Жерорта теңізіндегі ең үлкен арал Сицилиядағы Этна жанартауы атқылады. Вулкан 1 шақырымнан астам биіктікке атқылауы салдарынан жақын маңдағы Катания әуежайы күл мен түтінге байланысты жұмысын тоқтатты.

Үкімет мәліметінде жанартаудың атқылауы жақын елді мекендердің тұрғындарына қауіп төндірмейтіні айтылған.

Этна - Еуропадағы ең ірі жанартау болып, соңғы жылдары ол бірнеше айда бір рет атқылап келеді. Жанартау соңғы рет 2019 жылдың маусымында атқылап, бұл жағдай 10 күннен астам уақытқа созылған.