Си Цзиньпин Қытай халқына ауыр кезеңде қолдау көрсеткені үшін Шавкат Мирзияевқа алғыс айтты
Қытайдағы коронавирустың таралуына қарсы күреске байланысты көңіл айтқаныңыз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамын
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевке қысылтаяң жағдайда көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып хат жолдады.
«Құрметті Президент мырза!
Қытайдағы коронавирустың таралуына қарсы күреске байланысты көңіл айтқаныңыз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамын.
Айтпақтай-ақ, қандайда бір апат болған кезде әр тараптан көмекке жүгінеді дейді. Әлем жұртшылығы, солар қатарында Өзбекстан, Қытай үкіметі менхалқына деген жанашырлығы мен қолдауын білдірді. Бұл біздің достығымыздың толық көрінісі.
Қытай індеттің алдын алу мен оған қарсы тұра алатынына сенімді және қабілетті, сонымен қатар бүкіләлемдік денсаулық сақтау саласына үлес қосу үшін халықаралық қауымдастықпен жұмыс істеуге дайын.
Мен Қытай – Өзбекстан қатынастарын дамытуға үлкен мән беремін және Сізбен жақын диалогты жалғастыруға дайынмын.
Сізге мықты денсаулық, қызметіңізге табыс, достас Өзбекстанға өкендеу мен амандық тілеймін.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы
Си Цзиньпин»