Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Си Цзиньпин Шавкат Мирзияевті Наурыз мейрамы мен құттықтады
14:17 / 2020-03-23

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Мәртебелі Мырза


Өзбекстан Республикасы Президенті
Шавкат Мирзияев Мәртебелі Мырзаға

Құрметті Президент Мырза!


Қытай үкіметі елі мен халқының атынан, жеке өз атымнан да Сізді және Сіз арқылы Өзбекстан үкіметі мен Өзбекстан халқын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз. 
 
Соңғы жылдар барысында Қытай мен Өзбекстанның жан-жақты стратегиялық серіктестік дамуының оң үрдісін сақтап, саяси өзара сенімді нығайта түсуде. «Бір белдеу, бір жол» жобасын бірлесіп жүзеге асыруда маңызды нәтижелерге қол жеткізілді, елдеріміз халықаралық аренада белсенді және тиімді ынтымақтастық жасауда. Мұның бәрі Қытай мен Өзбекстан қатынастарын одан әрі дамытуға кең перспективалар ашады. Сондай-ақ қос ел коронавирустық індетке қарсы бірлескен күресте бір-бірін қолдайтындығы және тығыз жұмыс жасағаны екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді. Мен мұны жоғары бағалаймын.

Мемлекетіміз бен халқымыздың мүддесі үшін қатынасымызды үздіксіз нығайту мақсатында Сізбен тығыз диалогты жалғастыруға дайынмын.

Сізге мықты денсаулық және мемлекет басшысы ретіндегі жұмысыңызға сәттілік, ал достас Өзбекстан халқына бақыт пен өркендеу тілеймін!

Си Цзиньпин,
Қытай Халық Республикасының Төрағасы