Си Цзиньпин Гонконгтағы тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақырды
Соңғы күндері қарулы қақтығыс полициямен орналып онда гонконг азаматтары садақпен полицияға оқ жаудырған
Қытай басшысы Си Цзиньпин Бразилияда өтіп жатқан БРИКС саммитінде «Наразылықтар мен тәртіпсіздіктерді тоқтату Гонконг үшін тиімді жол болмақ» деп мәлімдеді.
Көктемнің соңынан басталған Гонконгтағы халық көтерілісінің қарқыны қазірге дейін басылмай келе жатыр. Бұған басты себеп ретінде эктрадиция жайлы заң жобасының қабылдануына қарсы наразылықтар басталып, артынан бұл заң жобасы мақұлданбаса да оппозициялық тараптар тәртіпсіздіктерді тоқтатпай елде наразылықты күшейткен.
Соңғы күндері қарулы қақтығыс полициямен орналып онда гонконг азаматтары садақпен полицияға оқ жаудырып, найзалар лақтырған. Бұл жағдай қала транспортының қатнауына кедергілер туындатып олардың тоқтауына себеп болған.