Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шыршық қаласында химия-өнеркәсіптік технопаркінің ашылу салтанаты өтті
19:35 / 2022-03-23

Шыршық қаласында «Шыршық» химия-өнеркәсіптік технопаркінің ашылу салтанаты өтті.

Ташкент облыс әкімшілігінің хабарлауынша, технопарктің жалпы аумағы 31,22 гектарды құрайды. Мұнда бірінші кезеңде 14 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. 100-ден астам өнім түрі шығарылады. Технопарктің толық іске қосылуы 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, жылына 15 миллион доллардың өнімін экспорттауға мүмкіндік береді.

Ол үшін Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай сынды 10-нан астам елден заманауи қондырғылар әкелініп орнатылады. 

Ашылу салтанатында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен Татарстан президенті Рустам Минниханов қатысып, ресми түрде «Шыршық химия-индустриялық технопаркі» жобасы іске қосылды.

Екі елдің бизнесмендері мен шенеуніктері технопарктегі жобаларды жүзеге асыру туралы құжаттарға қол қойды.