Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шыршықтағы тойханада жасырын маска жасайтын цех жұмысы анықталды
19:47 / 2020-04-08

2 сәуірден басталған цехтағы жұмыстарға 180-нен астам жұмысшы жалданған


Өзбекстанда коронавирустың эпидемияға байланысты жарияланған карантиндік тәртіпке сай ел аумағындағы барлық тойхана, кафе, ойын-сауық орталықтары, диско клубтар мен басқада адамдар көп шоғырланатын барлық орталықтар жұмысы тоқтатылды.

Тәртіп бұзғандар қатаң жазаға тартылары сан мәрте ескертілуіне қарамай, оңай олжаға қол жеткізгісі келіп, орайлы сәтті оңтайлы өз пайдасына асырғысы келген азаматтардың жалған кәсібі тыйылмай тұр. Осындай бір жағдайдың көрінісі Ташкент облысының Шыршық қаласында орналасқан «Азия» атты тойханада карантиндік кезде жабық болуына қарамай заңсыз медициналық маска шығаруды жолға қойылғаны Шыршық қаласының мемлекеттік салық инспекциясы мамандары тарапынан анықталды.

Атаулы тойханадағы тексерістер нәтижесінде 2 сәуірден басталған цех қызметіне 180-нен астам жұмысшы жалданып, әрбіріне күндік 60 мың сумнан ақы төленген. Уақытша цех жұмысын атқарған нысанда 131 973 дайын маска мен 170 мың жартылай дайын және 21 мың желімдеу құрылғысы, сондай-ақ жалпы соммасы 156 миллион сумнан жоғары болған тауар бар екені анықталып олар  құқық бұзушылық жағдайы нақтыланғанға дейін уақытша тәркіленген.