Шымкентте дәрі сақтайтын ғимаратта жарылыс болып, үш вдвм қаза тапты
Қазақстанның Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанындағы жеке дәріхана ғимаратында болған жарылыстан үш адам қайтыс болды.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған.
«Өкінішке қарай, 1979 жылы туған күзетші Б., 1980 жылы туған жұмысшы Ш. және 18 күн бұрын туған 1 сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, тағы 8 адам зардап шеккен. Олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылған. Зардап шеккендерге А. Сызғанов атындағы ҰҒХО дәрігерлері кеңес беріп жатыр. Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылған.