French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шымкентке ұшып бара жатқан ұшақта жолаушы әйел көз жұмды
14:45 / 2021-09-15

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке қарай ұшып баражатқан ұшақта жолаушы әйел көз жұмды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша – QAZAQ AIR әуе компаниясына тиісті ұшақ салонында әйел жолаушы қайтыс болған. 

«Ұшу кезінде салонның экипажы жолаушының науқас және шұғыл көмекке мұқтаж екені туралы ақпарат алды. Бортсерік жолаушы отырған орынға жақындағанда жолаушы ес-түссіз жатқан. Тексеру кезінде тамыр соғысы (пульс) мен тыныс алу белгілері болған жоқ. Ұшақтың командиріне мәлімет беріліп, жолаушылар көмекке шақырылды. Жолаушылар арасында болған дәрігер үндеуге құлақ асып, нұсқаулық бойынша бортсерікпен бірге жүрек-өкпе реанимациясын жасады», - деп баяндайды оқиға туралы компания.

Ақыры ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға қону туралы шешім қабылдайды. 

«Экипаж әуе диспетчерлері арқылы жедел жәрдем шақырды. Жезқазған қаласының әуежайына келген дәрігерлер «өлім» туралы ресми хабарлады. QAZAQ AIR жолаушының отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - деп жазады QAZAQ AIR компаниясының баспасөз қызметі.