Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шымкент қаласында Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері кездесті
20:04 / 2023-03-03

3 наурызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласында бейресми кездесуі өтті.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ынтымақтастық жобаларын жеделдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшылары екі ел Премьер-Министрі орынбасарларының, арнайы жұмыс топтары тең төрағаларының қол қойылған келісімдер мен қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есептерін тыңдады.

Президенттер өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер, алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды.

Кездесу әдеттегідей ашық, шынайы және достық жағдайда өтті.