Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Шығыстың қос жұлдызы: Абай мен Науаи» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті
12:36 / 2024-08-06

2024 жыл 5 тамыз күні Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​ғылыми-зерттеу университетінде «Шығыстың қос жұлдызы: Абай мен Науаи» атты халықаралық дөңгелек үстел өтіп, дара тұлғалардың шығармалары оқылды.

Қазақстан елішлігінің хабарлауынша, аталған жиынға екі елдің жетекші филологтары, тіл мамандары, түркітанушылар, Парламент депутаттары, дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​ғылыми-зерттеу университетінің, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті және А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушыларына ұлы тұлғалардың сан қырлы қызметі мен өмір жолы жайлы баяндама оқылып, шығармаларынан үзінділер айтылып, шығармашылық және рухани мұрасының халықаралық әдеби-мәдени байланыстардағы орны мен маңызы сөз болды.

Конференцияға келгендер Абай мен Науаи шығармаларын насихаттау, экскурсиялық көрмелер өткізу және ұлы ойшылдардың шығармаларын қазақ және өзбек тілдеріне аудару, халықаралық өлең байқау өткізу және ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.