Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шығыс Қазақстандағы дала өрті 700 гектарға жайылды
15:34 / 2022-09-07

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы дала өртінің жайылған аумағы 700 гектарға жайылды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, 2 қыркүйек күні түскі уақытта Алтай ауданында ашық алаңда өрт шыққан.

Қазіргі уақытта «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы 700 гектарға жетіп отыр.

«Тілсіз жау таулы аймақта бұта мен шөпті шарпуда. Сол жерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеуде. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, бүгінгі таңда ыстық ауа-райына байланысты облыста өрт қаупі жоғары жағдай сақталуда.

6 қыркүйекте Алтай ауданындағы дала өртінің жалпы ауданы 400 гектарды құраған болатын.