Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізілетін болды
13:50 / 2021-05-11

Қазақстан Республикасының Шығыс өңіріндегі Риддер аумағында ауқымды өрт салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілетін болды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы нше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли журналистердің сауалына «Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», -деп жауап берген.

Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлап, «Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», - деген.

10 мамырда Риддерде ауқымды өрт болып, оның салдарынан екі адам ауруханаға түскен. 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.

Осы жағдайға орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берген.

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері алапат өртке қатысты күдіктіні ұстаған.  «Қазіргі уақытта аталған өрт фактісі бойынша күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ақпаратта.