ШЫҰ хатшылығында Өзбекстанда өтетін президент сайлауына арналған брифинг өтті
Бейжіңдегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Хатшылығында ШЫҰ «үлкен отбасы» дипломатиялық миссияларының өкілдері үшін Өзбекстанның конституциялық реформалары және биылғы жылдың 9 шілдесінде өтетін Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына арналған брифинг өтті.
Өзбекстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, ШЫҰ-ға мүше және бақылаушы мемлекеттер мен диалог бойынша әріптес елдердің өкілдері қатысқан атаулы брифингте Олий Мажлистің Заң шығару палатасы төрағасының бірінші орынбасары Акмал Саидов баяндама жасады.
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Нуран Ниязалиев шараны аша отырып, Өзбекстанда әлеуметтік өмірдің барлық салаларында қарқынды реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Нуран Ниязалиев 9 шілдеде өтетін Өзбекстан Президентін сайлау да жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Хатшылық басшылығы бұл саяси шараға халықаралық бақылаушы ретінде белсенді қатысуды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.