Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ШЫҰ саммитіне орай Самарқанд мектептерінде сабақ 19 қыркүйекте басталады
11:23 / 2022-08-30

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне байланысты Самарқанд қаласындағы мектептерде сабақ 19 қыркүйекте басталады.

Облыстық білім басқармасы ақпарат қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өтетін болып, оған бірқатар шетел басшылары қатысады.

«Осы жағдай мен іс-шаралар өткізілетін аумақтарда қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Самарқанд қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесі осы жылдың 19 қыркүйегінде басталатынын хабарлаймыз», - делінген ақпаратта.

Хабарламада Самарқанд қаласындағы мектеп оқушыларының қалдырылған сабақтары оқу жылы аясында демалыстар есебінен толтырылатыны айтылған.