Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ШЫҰ саммитіне келгендер Самарқандта ковидке тест таспсырады
18:07 / 2022-09-13

2022 жылдың 15-16 қыркүйегінде Самарқанд қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін келген делегациялардың әрбір мүшесі Самарқандтағы қонақүйлерге орналаспас бұрын коронавирусқа қарсы ПТР тестінен өтеді.

ӨР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ШЫҰ саммитінің қонақтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін шет тілдерінде (ағылшын, қытай, орыс) қызмет көрсететін 50 медициналық бригада бар.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті аясында Өзбекстанға келген шетелдік ресми делегациялардың өкілдері мен қонақтарына сапалы жедел медициналық көмек көрсету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі тәулік бойы жұмыс істейтін «1303» байланыс орталығын іске қосты», делінген ведомство хабарында.

Сонымен қатар, әр делегация өкілдерінен Самарқандтағы қонақүйлерге орналасар алдында коронавирусқа қарсы ПТР тестілері алынады.

Осы мақсатта саммитке қатысушылар мен қонақтар тұратын қонақүйлердің әрқайсысында медициналық мобильді топтар ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Самарқандта өтетін «Шайхай» ынтымақтастық ұйымының саммитіне Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Иран, Моңғолия, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан және Армениядан делегаттар қатысады.