ШЫҰ-ның Самарқанд саммитіне қатысты материалдар Telegram арналарда 340 млн рет қаралды
15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Бұл тақырыптағы материалдар тек Telegram арналарының өзінде 340 миллион рет қаралған.
Бұл туралы дүйсенбі күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуф Қабилжанов хабарлады.
– ШЫҰ Самарқанд саммиті Telegram арналарында 340 миллион рет қаралып, 51 мың рет жазылған, – деді Ю.Қабилжанов.