ШЫҰ-ға төрағалық Өзбекстанға өтті
Қазіргі уақытта Тәжікстанның Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті өтуде.
Айтулы кездесуді Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ашып, ұйымның келесі төрағалығы Өзбекстанға берілгенін хабарлады.
ШЫҰ Мемлекет басшылары саммитіне Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Иран Президенттері, Пәкістан, Моңғолия, Ресей мен Қытайда ресми өкілдер және БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин мен Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди саммитке онлайн режимінде қатысуда.