Шанхай ынтымақтастық ұйымының келесі саммиті 2022 жылдың қыркүйек айында Самарқанд қаласында өтеді.
Самарқанд облысы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 14-17 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Самарқанд қаласында өтуіне орай қалаға кіру уақытша шектеледі.
Осы жағдайға байланысты 14-17 қыркүйек күндері қаланың Ибн Сина, Бустонсарой, Университет бульвары, Намозгох, Садриддин Айни, Регистан, Рудаки, Шахизинда, Усто Умар Джуракулов, Ислам Каримов, Афросиаб, Беруний, Мырзо Улугбек, Гулобод, Мукими және Дахбет көшелерінде көліктер қозғалысы тоқтатылады.
Көлік қозғалысы шектелген көшелерде жедел жәрдем және төтенше жағдайлар бөлімшелерінің көліктеріне ерекше жағдайда жүруге рұқсат берілген.
14-15-16 және 17 қыркүйекте Самарқандқа келетін азаматтардан сапарын кейінге қалдыруын сұраймыз. Сондықтан бұл күндері қалаға кіруге уақытша шектеу қойылды, делінген хабарламада.
Жүргізушілер назарына!

Саммитке байланыст қалаға кіру шектелгеніне орай облыс аумағынан өтетін көліктер үшін айналмалы қозғалыс бағыты ұйымдастырылып, арнайы флайерлер әзірленген.
Жүргізушілер флайердегі QR код арқылы мобильді қосымшамен жолдарда рұқсат етілген айналма бағытты көре алады.