ШЫҰ Беларусьті ұйымға қабылдау процесін бастады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдану процесі басталғанын хабарлады.
ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Ұйымға Өзбекстан, Қытай, Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Пәкістан елдері мүше.
Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия ұйымдағы бақылаушы елдер. Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка ұйымның серіктес елдері болып табылады.
2021 жылы қыркүйекте Душанбеде өткен ШЫҰ саммитінде Иранды ұйымға мүше етіп қабылдау және Мысыр, Қатар, Сауд Арабиясына ұйыммен диалог бойынша серіктес елдер мәртебесін беру процесі басталған еді. Биыл Беларусь ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуға ресми өтініш берген.