Швейцарияда дүкендер мен мейрамханаларды ашуға рұқсат етілді
Бүгінге дейін коронавирус жұқтырған жандар қатары 30 мыңнан асып жығылған елде 1,8 мың кісі көз жұмған
Швейцарияда 11 мамырдан бастап дүкендер мен мейрамханалар және мұражайлардың жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді.
Елдегі індеттің тарау қаупі біршама жақсарғанына орай үкімет карантиндік шектеулерді жеңілдетіп, дүкендер, мейрамханалар мен мұражайлар және кітапханалардың жұмысына рұқсат етіп, тек тамақтану және мәдени мекемелерге келушілерден COVID-19 індетінің алдын-алу бойынша барлық ұсыныстарды орындау қажеттігі ескертілген.
Сондай-ақ, мектептер де жақын арада өз жұмысын жалғастырады. Алайда, Швейцария үкіметі коронавирус халыққа әлі де елеулі қауіп төндіретіндігін ескертеді. Бүгінге дейін коронавирус жұқтырған жандар қатары 30 мыңнан асып жығылған елде 1,8 мың кісі көз жұмған. 27 мыңға жуық азамат аурудан сауыққан.