Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Швейцарияда азаматтарға қоғамдық ортада маска тағу міндеттелді
14:58 / 2020-10-19

Швейцария үкіметі 19 қазаннан бастап барлық қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағуды енгізді


Швейцария үкіметі 19 қазаннан бастап барлық қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағуды енгізді. Бұл COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар санының артуына байланысты қабылданған шара.

Атап айтқанда, дүкен, сауда орталықтары, банк, пошта бөлімшелері, кітапханалар, кинотеатрлар, театр мен концерт залдары, қонақ үйлер (бөлмелерден басқа), мейрамханалар, барлар, ауруханалар, діни мекемелер кіреді. Қоғамдық көліктерде, теміржол вокзалдары, әуежайда, автобус пен трамвай аялдамаларында маска режимі де сақталуы керек. Бұл талап 12 жасқа дейінгі балаларға ғана қолданылмайды.

Бұдан бөлек Швейцария Федералдық Кеңесі 15-тен астам адамның қоғамдық орындарда топтасып жиналуына тыйым салып, жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруға кеңес берілген.

Швейцария президенті Симонетта Соммаруга елде COVID-19 таралуына қатысты жағдайды ауыр деп бағалап, үкімет кейінірек жаңа шаралар енгізетінін айтқан.

Джон Хопкинс Университетінің дерегі бойынша, Швецарияда пандемия басталғаннан бері коронавирусқа шалдыққан 74,4 мың жағдай тіркелді, 2,1 мың адам қайтыс болды.