Швейцарияның бұрынғы президенті коронавирустан қайтыс болды
Швейцарияның бұрынғы президенті Флавио Котти 81 жасында коронавирус ауруынан өмірден озды.
Швейцарияның қазіргі сыртқы істер министрі Игнацио Кассис «Twitter» парақшасында марқұмды еске ала «Мен Флавио Коттидің қайтыс болғанын қайғыра қабылдадым. Оның саяси рухы Сыртқы істер министрлігінде мәңгі қалады», - деп жазған.
Коттидің қайтыс болғаны туралы бірінші болып хабарлаған Швейцарияның Италиядағы Тицино аумағының аймақтық күнделікті газеті. Онда бұрынғы саясаткер сәрсенбі күні түстен кейін Локарно ауруханасында «коронавирустың асқынуына байланысты» қайтыс болғандығы айтылады.
Флавио Котти Швейцария жүйесінде екі рет президент болған. Бұл жүйе бойынша барлық үкімет министрлері бір жыл бойы президент ретінде елді басқарады. Сонымен қатар Флавио Котти елдің сыртқы істер және ішкі істер министрі лауазымында атқарған.