Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Швейцарияда Өзбекстанда қауіпті қалдықтарды басқару саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу мәселесін талқылады
18:54 / 2023-05-05

ӨР Табиғат ресурстар министрі Азиз Абдухакимов бастаған делегациясы Женевада өткен Базель, Роттердам және Стокгольм конвенциял тараптары конференциясының ашылу салтанатына қатысты.

Министрліктің хабарлауынша, конференция мүше мемлекеттер, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (UNEP) және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтуде.

Конференцияда Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды және үштік планетарлық дағдарысты (климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы және қалдықтар) алдын алу бойынша іс-шараларды жеделдету маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Конференция аясында Өзбекстанның Табиғат ресурстар министрі Азиз Абдухакимов БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, UNEP атқарушы директорының орынбасары Элизабет Мремамен кездесу өткізді.

Кездесуде UNEP Өзбекстанда қолға алынған бірқатар бастамалардың қоршаған ортаны қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Соның бір дәлелі ретінде биылғы жылдың қазан айында Самарқандта өтетін БҰҰ-ның үш ірі іс-шарасы – шөлейттену жөніндегі жаһандық іс-шара, Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі конвенцияға қатысушы мемлекеттердің 14-ші конференциясы және Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясы айтылды.

Сонымен қатар, сұхбат барысында Арал өңірін экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағына айналдыру мақсатында UNEP климаттық технологиялар орталығы мен желісі негізінде Өзбекстанда аймақтық «Жасыл орталық» ашу бастамасы қолдау тапты. 

Талқылау соңында зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және халықаралық тәжірибені қолдану туралы келісімге қол жеткізілді.

«Табиғат ресурстар министрлігі жанынан «Химиялық орталық» ашуға келісілді. Оны ашудан мақсат – Химиялық конвенцияларға және болашақта пестицидтерді реттеу туралы Роттердам конвенциясына қосылу», делінген хабарламада.