Швейцария әуе кеңістігін уақытша жауып тастады
Швейцариялық Skyguide әуе қозғалысын басқару компаниясы Швейцарияның әуе кеңістігі қызметке тап болған техникалық ақауға байланысты жабылғанын мәлімдеді.
«Техникалық ақауға байланысты Швейцарияның әуе кеңістігі келесі ескертуге дейін жабылды», - деп хабарлады компания Twitter-де.
Компания Женева және Цюрих әуежайларында клиенттерге, серіктестерге және жолаушыларға қолайсыздықтар туғызғаны үшін өкініш білдірген. Әуе кеңістігінің қашан ашылатыны белгісіз.