Бірқатар шетелдік және жергілікті БАҚ Швейцария Федералдық қылмыстық сотының негізгі бенефициары Гүлнар Каримова болған «Takilant Ltd.» компаниясына тиесілі заңсыз жолмен тапқан табысын тәркілеу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Алайда БАҚ-тар сот шешімінің барлық жай-жапсарын жарияламады. Бұл осы іс бойынша шынайы ақпаратты бұқараға сенімді түрде таратуға кедергі жасайды, делінген Әділет министрлігінің хабарында.
Швейцарияның құқық қорғау органдары жүргізген қылмыстық тергеу аясында Швейцарияның Федералдық прокуратурасы осы елдің банктерінде орналасқан «Takilant Ltd.» компаниясына тиесілі 350 миллион доллардан астам мүлікін тәркілеген.
22 желтоқсанда жарияланған мәлімдемеде Швейцария соты Каримова мен оның сыбайластарын ауырлатылған ақшаны жылыстатуда кінәлі деп тауып, 293 миллион доллардан астам ақшаны тәркілегенін жариялады.
Бұл Швейцария құқық қорғау органдарының маңызды жеңісі. Өйткені ол Өзбекстан Республикасына қаражатты қайтару бойынша алдағы келіссөздерге жол ашады.
Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес, 70 миллион долларды «Takilant Ltd.» компаниясына қайтаруы мүмкін. Кейбір ақпарат құралдары сот шешімінің осы бөлігін дұрыс түсіндірмей, негізсіз ақпарат таратып жатыр.
Сондықтан, Швейцария Федералдық қылмыстық сотының 2021 жылғы 17 желтоқсандағы шешімі әлі түпкілікті емес. Атап айтқанда, Швейцарияның құқық қорғау органдары бұл сот шешіміне шағымдануға құқылы.
Бұдан бөлек, АҚШ-тың құзырлы органдарының қамауға алу туралы талабы мен ордері бар. Бұл Швейцария сотының үкімі күшіне енсе де, компанияға бұл қаражатты қайтаруға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдары Швейцария және АҚШ шенеуніктерімен Каримова мен оның сыбайластарының қылмыстық әрекеті нәтижесінде жинаған активтерін қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өйткені бұл қылмыстардан Өзбекстан мемлекеті мен халқы да зардап шеккені айтылады хабарламада.