Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Швецияда барлық көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары жабылды
10:22 / 2020-04-27

Europe Beyond Coal мәліметтері бойынша, 2025 жылға дейін немесе одан ертерек Еуропаның тағы 6 елі осы ұстанымды қолдауға ниетті


Швеция Еуропадағы көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларды жапқан үшінші ел. Бұған дейін Австрия және Бельгия түгел осы жұмыс нысандарын жапқан болатын.

Стокгольмдегі Stockholm Exergi компаниясына тиісті болған «Värtaverket» электр станциясы өз жұмысын тоқтатқан. Компания мұны жоспардан екі жыл ерте жүзеге асырды. Компания директоры Андерс Егельрудтың айтуынша: Біздің мақсатымыз - барлық өнімдерімізді жаңартылатын немесе баламалы энергия көздері өндірісінен тұрады. Бұл станция ежелден Стокгольм халқын жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді. Бүгін біз жанар-жағармайдың барлық түрлерін қолдануды тоқтатуымыз керек екенін білеміз, сондықтан көмірді пайдалануды біртіндеп тоқтатуымыз керек, деген.

Europe Beyond Coal мәліметтері бойынша, 2025 жылға дейін немесе одан ертерек Еуропаның тағы 6 елі - 2022 жылға қарай Франция, 2023 жылға қарай Словакия мен Португалия, 2024 жылға қарай Ұлыбритания, 2025 жылға қарай Ирландия мен Италия, Швеция сынды жолды таңдайды деп күтілуде.