Швециялық 103 жастағы әйел парашютпен секіруден әлемдік рекорд орнатты
Швециялық 103 жас 259 күндік Рут Линнеа Ингегард Ларссон парашютпен секіру арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Fox News-тің хабарлауынша, Ларссон өзінің алғашқы парашютпен секіруін 102 жасында орындаған. Кейуанада спортқа деген қызығушылығы жасы жүзден асқанда оянған.
Басылымның мәліметінше, оның бес баласы, 19 немере және 30 шөбересі бар. Ларссон сонымен қатар кроссвордтарды шешуді және шіркеу хорында ән айтуды ұнатады.