Швецияда шағын ұшақ құлап 9 адам қаза тапты
Швецияның Эребру қаласындағы әуежай маңында шағын ұшақ көтерілген бойда құлап, өртеніп кетті. Нәтижесінде борттағы 9 адам қаза тапты.
Goteborgs Posten басылымының хабарлауынша, оқиға 8 шілде күні кешкі уақытта орын алып ұшақ әуежайдың ұшу-қону жолағынан 200 метрдей жерде құлаған. DHC-2 Turbo Beaver маркалы ұшақ бортында 8 десантшы мен ұшқыш болғаны айтылады.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткізілген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тағы екі адам ауруханаға түскен.