Швецияда қатты аязға байланысты пойыздар қозғалысы тоқтатылды
Швецияның солтүстігіндегі Норрботтен қаласында ауаның күрт суытуына байланысты пойыздар қозғалысы тоқтатылды.
SVT арнасының хабарлауынша, синоптиктер ауа температурасы бірнеше күн бойы минус 30 градустан төмен болатынын айтады. Осыған орай жолаушылардың қауіпсіздігі үшін пойыздар қозғалысы тоқтатылды.
«Біздің локомотивтеріміз бен вагондарымыз мұндай суыққа төтеп бере алады, бірақ Кирунадан солтүстікке қарай пойыздар ұзақ жол жүреді. Бұл ақаулық немесе эвакуация орын алған жағдайда, мүмкіндіктер шектелетінін білдіреді. Сондықтан қауіпсіздік тұрғысынан біз қозғалысты тоқтату туралы шешім қабылдадық », - делінген теміржол қызметі хабарында.
Хабарламада пойыздар қозғалысы 9 желтоқсанға дейін тоқтатылуы мүмкін екені айтылып, оның орнына автобустар саны көбейтілмек.