Швеция өз Конституциясына мемлекетке қауіп төндіретін тұлғаларды азаматтықтан айыруды көздейтін өзгеріс енгізуге дайындалып жатыр.
Reuters хабарлауынша, партияаралық парламенттік комитет келісіміне сәйкес енгізілетін өзгерістерге, Швеция азаматтығын жалған ақпарат, пара немесе қорқыту арқылы алған қос азаматтыққа ие, сондай-ақ шпиондық немесе мемлекеттік опасыздықпен айыпталған адамдардың азаматтығы жойылуы мүмкін.
Швеция үкіметіндегі оңшыл партия қылмыстық топ мүшелерін қос азаматтыққа ие болған жағдайда азаматтықтан айыруды ұсынған болатын, бірақ партияаралық комитет бұл ұсынысты қолдамады. Сонымен қатар, комитет Конституцияға аборт жасау құқығын бекітетін бапты енгізуді ұсынған.
2024 жылы Швеция баспана іздеушілер мен олардың туыстарына рекордтық төмен мөлшерде тұру рұқсатнамаларын берген. Халқы 10,5 миллион адамды құрайтын Швецияның 20 пайыз азаматтары елден тыс жерде дүниеге келген.