Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Швецияда COVID-19-дың «үндістандық» штаммы тіркелді
09:36 / 2021-04-28

Швецияның Стокгольм аймағында мамандар төрт азаматтан коронавирустың үнділік мутация түрін жұқтырғанын растады.

«2021 жылдың 26 ​​сәуіріне дейін Стокгольм аймағында коронавирустың британдық нұсқасының 6005 жағдайы, коронавирустың Оңтүстік Африка нұсқасының 300-і, бразилиялықтың 30-ы және үндістандық нұсқасының төрт жағдайы анықталды» делінген ТАСС хабарында.

Басылым мәліметіне қарағанда қос мутациямен ерекшеленетін үнді штаммының белгілері Ұлыбритания, Дания және Норвегияда да тіркелгені байұалған. 

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Үндістанда қос мутациялы коронавирустың жаңа түрі анықталды. Содан кейін мамандар COVID-тің жаңа нұсқасы мен елде аурудың күрт өсуі арасында байланыс бар-жоғын анықтай бастады.