Швецияда барлық карантиндік шектеулер алынып тасталды
Швецияда басқа елдермен салыстырғанда салыстырмалы түрде карантин шектеулері қатаң болмаған. Соған қарамай барлық карантиндік шектеулер алынып тасталды.
DW-ның хабарлауынша, 29 қыркүйектен бастап мемлекетте бұқаралық іс -шаралар, концерт және спорттық іс -шараларға қатысушылардың максималды санына шектеу қойылмаған.
Сондай-ақ, үйлену тойлары мен туған күндер сияқты жеке кештерге қонақтар санына шектеусіз рұқсат етіледі. Швеция билігі бұл әрекетті вакцина егу науқанының табысты болуымен байланыстырған.