Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Швецияда азаматтарға COVID-төлқұжатты чиптер егілуде
09:10 / 2021-12-20

Швед компаниясы адам терісінің астына имплантациялауға болатын коронавирусқа қарсы вакцинация сертификаты бар микрочиптерді жасап шығарды.

«Известия» басылымының хабарлауынша, бұл технология қауіпсіз және қажет кезде чиптерді алып тастауға болады. Чипке вакцинация туралы куәліктен басқа, келісімшарттар, ай сайынғы жол жүру билеті, спортзалға жазылулар және басқа да қажетті құжаттарды сақтауға болады.

Қазіргі уақытта Швецияда 6 мыңға жуық адам өз терісінің астына осындай чиптерді орнатқан.

Имплант NFC (Near Field Communications) чипінен тұрады. Мұндай чиптердегі ақпаратты сандық деректерді оқи алатын кез келген құрылғы, мысалы, NFC қолдайтын смартфон оқи алады.