Швеция ресми түрде НАТО-ның 32-ші мүшесі болды
Бұл туралы АҚШ астанасы Вашингтонда елдің альянсқа қосылу рәсімінде айтылды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Швеция премьер-министрі Улф Кирстерссон Вашингтондағы кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Швецияның НАТО-ға қосылуының ресми хаттамасын көрсете отырып, Блинкен: «Мен Швецияны Вашингтон шартының (НАТО-ны құру туралы келісім) қатысушысы және НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде құттықтаймын», - деді.
Сондай-ақ ол Швецияның қосылуы НАТО-ны нығайтады деп атап өтті.
НАТО-ның Бас хатшысы да өзінің X әлеуметтік желідегі парақшасында Швецияның НАТО-ға ресми түрде қосылғанын хабарлады.
Ресми рәсім 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде Швеция туы көтерілетін болады.