English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Швеция қолма-қол ақша айналымын тоқтатуды жоспарлауда
10:52 / 2020-12-12

Швецияда қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тарту және ұлттық валюта - кронаның электронды аналогын дамыту жоспарлануда.

«Bloomberg» агенттгінің хабарынша, Швеция қаржы министрі Пьер Болунд 2022 жылдың қарашасында аяқталатын ауқымды зерттеу басталғанын мәлімдеді.

Швеция үкіметі іс жүзінде цифрлық валютаны дамыту мәселесіне ертерек жүгінген болатын. Үкіметтен ресми түрде тәуелсіз, жергілікті орталық банк «Accenture» халықаралық консалтингтік компаниясымен осындай зерттеуді бастаған.

2020 жылы Швецияда қағаз ақшаны пайдалану тарихта ең төмен деңгейге дейін азайды. Қазіргі кезде елдегі қағаз ақша – мемлекет бойынша төлемдердің 10 пайызында құрамайды. Бұл жалпы ішкі өнім бойынша әлемдегі ең төменгі көрсеткіш.