Швеция парламенті НАТО-ға мүшелікке дауыс берді
Риксдагтағы дауыс беруде Швецияның НАТО-ға кіруіне тек «солшылдар» мен «жасылдар» ғана қарсы шықты.
Швеция парламенті елдің НАТО-ға кіруін қолдады. Сәрсенбі, 22 наурызда өткен дауыс беруде бұл қадамға 269 депутат дауыс берсе, 37-сі қарсы дауыс берді. Дауыс беруге 349 депутаттың 43-і қатыспаған.
Швецияның Svenska Dagbladet газетінің хабарлауынша, Риксдагдағы дауыс беруде НАТО-ға қосылуға тек «Солшылдар» партиясы мен «Жасылдар» партиясы ғана қарсы болған.