Швеция НАТО-ға мүшелікке ресми түрде өтініш білдірді
Швеция Сыртқы істер министрі Энн Линде 17 мамырда НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды.
Бұл туралы альянстағы Швеция өкілдігі Twitter-де хабарлады. Швецияның өтініші Финляндияның өтінішімен бірге жіберіледі. Бүгін, 17 мамырда Финляндия парламентінде осы мәселе бойынша дауыс беруді өтеді.
SVT порталындағы хабарда: «Бұл үлкен, байсалды шешім, біз Швеция үшін ең қолайлысын таңдаған сияқтымыз», - деген Линде ханым.