Швеция мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Пентагон сәрсенбіде, 6 желтоқсанда жариялаған мәлімдемеде, құжатқа 5 желтоқсанда қорғаныс министрлері Пол Джонсон мен Ллойд Остин қол қойған.
Оған сәйкес, келісім АҚШ әскерлерінің Швециядағы қызметі үшін негіз жасайды, оның ішінде «американдық әскери қызметкерлердің құқықтық мәртебесі, олардың әскери нысандарға кіруі және қару-жарақ пен техникамен қамтамасыз етілуі қарастырылған».
Пол Джонсон өз кезегінде: «Келісім соғыс немесе дағдарыс жағдайында Швецияға американдық көмек алу үшін қолайлы жағдай жасайды», - деген. Оның айтуынша, американдықтар Швециядағы барлық әскери базаларға, нысандарға және полигондарды пайдалануы мүмкін, бірақ американдықтардың елде өздерінің әскери базаларын құруы туралы сөз жоқ.
«Осы 17 әскери нысанның барлығын пайдаланудың қажеті жоқ. Әскери тұрғыдан алғанда, америкалықтар үшін ең бастысы, олар, мысалы, әскери техниканы сонда сақтай алады», - деген Джонсон.