Швеция барлық коронавирустық шектеулерді алып тастады
Швеция үкіметі бүгін 9 ақпаннан бастап барлық анти-COVID шектеулерін алып тастады.
«Бұл шешім Швециядағы вакцинацияның жоғары деңгейіне байланысты», - деген премьер-министр Магдалена Андерссон.
Оның айтуынша, инфекцияның деңгейі біраз уақытқа дейін жоғары болады, бірақ оның ең ауыр зардаптары артта қалған.
9 ақпаннан бастап Швецияда жұртшылықты ковидке қарсы тесттен өтуге шақырмайды, бірақ суық тию белгілері болған жағдайда үйде болу айтылған.
Ел билігі коронавирустық шектеулерді алып тастаумен қатар, елге кіруге рұқсат берген. 9 ақпаннан бастап Скандинавия елдерінің, Еуропалық Одақ пен Еуропалық экономикалық аймақтың тұрғындары ковид-паспортсыз Швецияға кіре алады. Басқа ел азаматтары үшін кіруге тыйым салу мерзімі наурыз айының соңына дейін ұзартылған.