Швеция 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін өтініш берді
Швеция 2030 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге өтінім берген.
Осылайша, бұл Олимпиаданы өткізу үшін 3 ел бақ сынайтын болды. Олар қатарында АҚШ (Солт-Лейк-Сити), Жапония (Саппоро) және Швеция (нақты қала әлі белгілі емес). Осыған байланысты Халықаралық Олимпиада комитетінің соңғы шешімі биыл Мумбайда өтетін 140-шы сессияда жарияланады.
Еске салар болсақ, бұған дейін Стокгольм 1912 жылы Олимпиада ойындарын қабылдаған. Швеция 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау процесіне қатысқанымен, ХОК шешімімен Италияда өтетін болды.