Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шуша қаласында Жаһандық медиа форум өтуде
13:09 / 2024-07-22

Әзербайжанның Шуша қаласында 30 елдің жетекші ақпарат агенттіктері, 3 халықаралық ұйым және 82 БАҚ өкілдерін қосқанда 50 елден 150 шетелдік қонақтың басын қосқан II Жаһандық медиа форум өтуде.

Атаулы форумға әзірбайжандық мамандар мен ресми тұлғалар да бар. Олар қатарында, мемлекет басшысының көмекшісі – Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Хикмет Гажиев форумға қатысушыларға арнаған ресми құттықтауында ақпаратты қуатты коммуникация ретінде дұрыс пайдалану маңызды екенін атап өтті. Саланы цифрландыру ақпаратты өндіру мен тарату процесін жеделдетті. Сонымен бірге ақпараттық кеңістіктің «тазалығына» кері әсерін тигізді. Оның айтуынша, фейк ақпарат жаңалықтарды манипуляциялауға мүмкіндік береді, ал бұл процесте басты құрбан – БАҚ пен журналистер.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жасанды интеллектке қатысты үдерістен артта қалып отырғанын баса айтқан Х.Гажиев БҰҰ және басқа да ұйымдармен тығыз байланыста болу қажеттігін, сондай-ақ ақпаратты сенімді таратудың маңыздылығын атап өтті және алдағы уақытта терминология саласы маңызды жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті. 

Әзірбайжан Ұлттық баспасөзінің 149 жылдығына орай ұйымдастырылған конференция аясындағы пікірталастарда жасанды интеллекттің салаға әсері, жалған жаңалықтардың таралуының салдары, фейкке төзімді қоғам құру және медиа сауаттылықты арттыру жөнінде ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Талқылауларды ірі телекомпаниялар, ақпарат агенттіктер, медиахолдингтердің өкілдері жүргізді.

Форумда сонымен қатар БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы 29-сессиясын – СOR29 өткізуге байланысты жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары, сондай-ақ елдер деңгейінде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістердің зардаптарымен күрес туралы да ақпарат берілді.

Дурдона Солихова, ӨзА

Шуша қаласы, Әзербайжан